Астанадағы автобус апаты: тың деректер шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы автобус апаты: тың деректер шықты Қыздың анасы ұсынған сурет / Tengrinews.kz

Астанада автобус апаты әлі де тергеліп жатыр, оқиға салдарынан 15 жолаушы зардап шеккен болатын, оның ішінде екі аяғынан айырылған жеті жасар қыз да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автобус апаты әлі де тергеліп жатыр, оқиға салдарынан 15 жолаушы зардап шеккен болатын, оның ішінде екі аяғынан айырылған жеті жасар қыз да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаментінің Tengrinews.kz-ке берген жауабына сүйенсек, автобус жүргізушісі мас болмаған, мұны медициналық куәландыру растаған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, жүргізуші ауруханаға жатқызылған, уақытша еңбекке жарамсыз.

"Еңбек кодексінің 57-бабының 4-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз болған кезінде еңбек шартын бұзуға болмайды. Жүргізушімен арадағы еңбек шарты бұзылған жоқ", - деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметі өкілі.

Оқиғаның мән-жайы

Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылды. Жол апаты Республика даңғылында болды. Оқиға салдарынан оннан аса адам зардап шеккені хабарланды. Кейін олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілді.

Жуырда Астанадағы автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыз стационардан шығарылғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети