Астанадағы блэкаут: Желіде дәрігерлердің науқасты көтеріп бара жатқан видеосы тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы блэкаут: Желіде дәрігерлердің науқасты көтеріп бара жатқан видеосы тарады Фото:elements.envato.com

Астанадағы бірінші қалалық аурухана (МГБ 1) кеше кешкі уақытта жарықсыз қалды. Желіде дәрігерлердің науқасты қосалқы жасанды тыныс алу аппаратына қосу үшін шұғыл түрде тасымалдап бара жатқаны көрсетілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы бірінші қалалық аурухана (МГБ 1) кеше кешкі уақытта жарықсыз қалды. Желіде дәрігерлердің науқасты қосалқы жасанды тыныс алу аппаратына қосу үшін шұғыл түрде тасымалдап бара жатқаны көрсетілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода дәрігерлердің науқасты қараңғыда шұғыл түрде баспалдақпен жоғары көтеріп бара жатқаны көрінеді. Бейне авторының айтуы бойынша, "ауруханада бір сағаттан аса уақыт жарық болған жоқ".

"Раниматологтар науқасты қосалқы жасанды тыныс алу аппаратына қосу үшін шұғыл түрде тасымалдауға мәжбүр болды", - деп жазды қыз видеоға.

Видео Астана - Что? Где? Когда? Telegram-арнасынан алынды.

Астана Денсаулық сақтау басқармасының тілшіге берген мәліметі бойынша, электр қуатының үзілуіне байланысты ауруханадағы лифтілер жұмыс істемей қалған. Дегенмен видеодағы науқастың жағдайы тұрақты.

"Бұл жағдай МГБ 1-де болды. Электр қуатын болмаған кезде бақылау мақсатында науқас лифттер жұмыс істемегендіктен, баспалдақпен жансақтау бөліміне жеткізілді. Науқастың жағдайы қазіргі уақытта тұрақты", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасы.

Тілшінің нақтылау сұрақтарына Денсаулық сақтау басқармасы ауруханада жатқан науқастардың ешқайсы зардап шекпегенін айтты. Бұл ретте, барлық генераторлар қосылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети