Астанадағы дүрбелең: дәмхана иесіне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада дөнерге талон таратқан мекеме иесіне айыппұл салынды. Ақпаратты елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дөнерге талон таратқан мекеме иесіне айыппұл салынды. Ақпаратты елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елордадағы Шұбар ықшамауданында халықтың көптеп жиналып, дүрбелеңге түскенін көрсететін видеолар пайда болды.

Instagram-дағы жазбалардың бірінің авторы бір жерге төрт мыңға жуық адам жиналғанын алға тартады.

Полиция мәліметінше, 25 қыркүйекте мекеменің ашылуы мен жеңілдікпен дөнер алуға арналған талондарды тарату кезінде халық жаппай жиналып, дүрбелең болған.

"Жағдайды реттеу және дүрбелеңді басу үшін полиция қызметкерлері мен Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері келді. Полицейлер іс-шараны ұйымдастырушыларды анықтады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Талон таратқан мекеме иесі 73 840 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети