Астанадағы қанды оқиға: марқұм қыздың інісінің жағдайы туралы не белгілі?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы қанды оқиға: марқұм қыздың інісінің жағдайы туралы не белгілі? Midjourney

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қанды оқиға болды. Онда жігіт қызды пышақтап, кейін оның кіші інісіне де шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қанды оқиға болды. Онда жігіт қызды пышақтап, кейін оның кіші інісіне де шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызға болжам бойынша бұрынғы жігіті шабуыл жасаған. Пәтерден айқай естілген, кейін ол қолындағы пышақпен көшеге жүгіріп шығып, қыздың інісін жаралаған. Пышақ жарақатын алған жасөспірімді куәгерлер балалар алаңында жатқан жерінен тапқан. Оқиға орнынан түсірілген видео желіге жарияланды.

Астана Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2009 жылы туған жасөспірім пышақ жарақатымен жедел хирургия бөліміне жеткізіліп, ауруханаға жатқызылған. Жасөспірім тірі, бірақ жағдайы ауыр.

Өкінішке қарай, оның әпкесі көз жұмды.

"Оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сондай-ақ оның кәмелетке толмаған інісі зардап шеккен, ол пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети