21 маусым 2015 17:04

Астанадағы "Керуен" орталығында кішкентай бала эскалатордан құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сabmarket.kz © Сabmarket.kz

Астанадағы "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында кішкентай бала эскалатордан құлап қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға күндізгі сағат 13.00 шамасында болды.


Астанадағы "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында кішкентай бала эскалатордан құлап қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға күндізгі сағат 13.00 шамасында болды.

Ведомствоның хабарлауынша, "102" пультіне хабар түспеген, дегенмен ішкі істер департаменті қызметкерлері оқиға орнына барды. "Шамамен 5 жасар бала бірінші қабаттағы эскалатордан жертөлеге құлады. Біздің қызметкерлер оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін барды. Қазір ақпарат жинақталып жатыр. Баланың ата-анасының да бұл уақытта қайда болғаны анықталады. Алдын ала ақпарат бойынша, ол абайсызда құлап кеткен. Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді", - деді Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбекова.

Алдын ала болжам бойынша, баланың құлауына сауда орталығының кінәсі жоқ, себебі эскалатор дұрыс жұмыс істеп тұрған.

Еске сала кетейік, маусым айының басында "Мега" ойын-сауық және сауда орталығында ғимарат төбесіндегі әйнек құлап, екі адам зардап шеккен болатын. MEGA MANAGEMENT коммуникация департаментінің директоры Дарья Бублик Tengrinews.kz тілшісіне ғимарат күмбезінде баннерлерді ауыстыру бойынша монтаж жұмыстарының жүргізілгенін хабарлады. ІІД қызметкерлері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети