Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанадағы "Көркем" кешенінде жарақаттанған 18 құрылысшының ісі жабылды

05 Желтоқсан 2014, 12:57
0
Иллюстрация Tengrinews.kz
Иллюстрация Tengrinews.kz

Астана қаласындағы "Көркем" тұрғын үй кешені құрылысында жарақаттанған 18 құрылысшыға қатысты іс жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

"2014 жылы 5 қазанда ҚР ҚЖК 37-бабы, 1-тарауының 12-тармағына сәйкес, яғни екі тараптың келісімі бойынша, кінәлі тараптың жәбірленушіге материалдық және моральдық шығынын толық өтеуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деп хабарлайды қалалық прокуратура. 

Еске сала кетейік, төтенше оқиға сәуірдің 25-сі күні болды. Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментіне "Көркем" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында металл конструкциясының опырылып түскені туралы хабар түсті. "Элиппс-Со" ЖШС екінші қабатында жұмыс жасап жатқан құрылысшылар құлап, үйінділер астында қалды, нәтижесінде әртүрлі дене жарақаттарын алған болатын. Жапа шеккен 18 адамның 11-і ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша ҚР ҚК  "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Кейін кінәлілер тобы анықталды, олар: "Угур-1 Астана" ЖШС және "Элипс Со" ЖШС компанияларының жетекшілері мен лауазымды тұлғалары. Нысанды тексеру барысында техника қауіпсіздігін өрескел бұзу деректері әшкереленді, соған байланысты мемлекеттік инспектордың нұсқаулығымен құрылыс тоқтатылып, заңсыздықтарды жоюға ұсыныс келтірілді. "Көркем" ТК құрылыс жұмыстары еңбек заңнамалары өрескел бұзылғандықтан биыл 25 сәуірде тоқтатылды. Сол кезде 15 түрлі заңбұзушылық әрекет анықталған болатын. Бақылау барысында аталған өрескел қателердің барлығы жойылғаны белгілі болды. Прокуратураның мәліметтері бойынша айыптылар екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін еді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай