Астанадағы қою түтін иісі тұрғындарды шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы қою түтін иісі тұрғындарды шошытты Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Астанада өрт пен түтіннің иісі күшейді. Өрт шыққан орынға техника мен өртсөндірушілер жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өрт пен түтіннің иісі күшейді. Өрт шыққан орынға техника мен өртсөндірушілер жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертең өрттің иісі тек "Хан шатыр" сауда үйінің артындағы аумақта ғана сезілсе, қазіргі уақытта сол жағалауда толықтай сезіледі. ЭКСПО аумағы мен жаңа мешітте қою түтін бұлттары анық көрінеді.

Елорда да иіс пен түтіннің пайда болуына Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жол арасындағы қураған ағаштың өртенуі себеп болған.

Осыған дейін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртті жоюға жеке құрамның 15 адамы мен 3 техникасы бар өрт сөндірушілер жіберілгенін хабарлаған болатын. Дегенмен, қазіргі уақытта өртті сөндіруге қосымша техника мен өртсөндірушілер жіберілді.

"Қазіргі уақытта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 100 адамы мен 10 техникасы бар өртсөндірушілер, сондай-ақ қала әкімдігінің суару машинасының 8 техникасы өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети