Астанадағы LED-экранда интим қызметтердің бағасы көрсетілген жарнама пайда болды

видео кадры

Астанада "Керуен Сити" сауда орталығының қарсысында ашық мазмұндағы және бағасы доллармен көрсетілген жарнама пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада "Керуен Сити" сауда орталығының қарсысында ашық мазмұндағы және бағасы доллармен көрсетілген жарнама пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғындары үлкен LED-экранда интим қызметтерді жарнамалаған бейнежазбаға таңғалды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар бірден әлеуметтік желілерге тарады.

Астана Ішкі саясат басқармасы бұл оқиға әлеуметтік желілерді тексеру кезінде байқағанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"LED-экранда ашық мазмұндағы хабарландыру орналастырылғаны тіркелді. Басшылық мәліметінше, құқықбұзушылық Wi-Fi желісін бұзып кіру арқылы жасалған.

Экран иесімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, қызметтік тексеріс жүргізілді, осындай жағдайдың қайталануын болдырмау мақсатында LED-экран алынған", – деп мәлімдеді әкімдік.

Материалдар полицияға берілді. Қазір бұл жүйенің және жарнама туралы заңның бұзылған-бұзылмағаны тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама