Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz оқырманына

Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың сол жағалауында шығып жатқан қою қара түтіннің видеосын Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp +7 777 001 44 99 нөміріне жолдады.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сағат 15:08-де Есіл ауданында Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы қиылысындағы жаңа ғимараттан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама бойынша өрт сөндіру бөлімдері шұғыл әрекет еткен.

"Өртсөндірушілер келген соң, алдын ала 200 шаршы метр аумақта салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс материалдарының жанып жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында өртті сөндіру үшін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 20 адамы мен 4 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети