27 қазан 2017 | 12:25

Астанадағы наркоорталықта ер адамды өлгенше сабағандардың видеосы сотта көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы наркоорталықта ер адамды соққыға жығу әрекеті түсірілген видео сотта көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Алматы аудандық №2 сотының залынан.


Иконка комментария блок соц сети

Елордадағы наркоорталықта ер адамды соққыға жығу әрекеті түсірілген видео сотта көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Алматы аудандық №2 сотының залынан.

Сотта 29 жастағы Николай Кривенконы Наркология және психотерапия орталығында соққыға жығу дерегі бойынша іс қаралып жатыр. Процесс қатысушылары полиция қызметкерлерінің ер адамны ұрып-соққан түсірілген видеоны зерттеп жатыр. Бұл видеелар Желіге таралып, қоғамда шу шығарған еді. Айта кетсек, ұрып-соғу нәтижесінде ер адам наркоорталық ғимаратында қайтыс болған. 

Видеода патрульдік полицияның биыл наурыз айында елорда көшелерінің бірінде Николай Кривенконы ұстаған сәті көрсетілген. Іс материалдары бойынша, ер адам сол күні қоғамдық тәртіпті бұзып, ашулы болған. Кейін ІІД өкілдері Бауыржан Момышұлы даңғылының бойындағы үй тұрғындарының белгісіз ер адамның автотұрақта тұрған көліктердің фараларын шаққанын айтып, шағымданғанын хабарлады. 

Осы іс бойынша сотта төрт адам сот алдына келді: полиция қызметкері, фельдер және Наркология және психотерапия орталығының қызметкерлері. Сотта олар ер адам көп сөйлегендіктен және ашулы болғандықтан соққы жасағанын айтып отыр. Сотталушылар Николай Кривенконың ұстау кезінде мас болғанын айтты. 

Сотта марқұмның оқиға кезінде орта деңгейде мас болғаны анықталғаны да айтылды. Бұл іс аяқталуға жақын. Келесі аптада сөзжарыс болады. 

Еске салайық, Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Ольга Комарова наркоорталықта болған жағаұстатарлық жайтқа қатысты пікір білдірген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети