02 қыркүйек 2017 | 22:58

Астанадағы төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанадағы төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, тұрмыстық сипаттағы қақтығыс болған. 

"Қақтығыс толықтай шешілді. Біз Астана тұрғындарын арандатуға ермеуге шақырамыз, таяу уақыттарда елорда ІІД өкілдері оқиға жайлы толықтай пікір білдіреді. Қақтығыс тұрмыстық сипатта. Әкімнен пікір болады. Дүрбелең мен ойсыз әрекет жасамауға шақырамыз", - деді ведомство басшысы. 

Ал өз кезегінде елорда әкімі Әсет Исекешев те бұл оқиғаның тұрмыстық сипаттағы қақтығыс екенін айтты. "Күзетшілер мен шетелдік жұмысшылар қақтығысқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына барды. Оқиға шешілді. Тұрғындарды арандап қалмауға шақырамыз", - деп пікір білдірді Исекешев.

Кейіннен қалалық ІІД-нің өкілдері шетелдік жұмысшылардың оқиғасына қатысты түсінік берді. "Әбу-Даби Плаза" құрылыс нысанындағы жұмысшылар мен күзетшілердің арасында тұрмыстық қақтығыс болған. Қоғамдық тәртіп бақылауда. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен қазақтардың арасында кішігірім келіспеушілік болған.

"Қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік пен компания өкілдері келді. Ішкі істер органдары мұндай тәртіпсіздік пен жанжалдың алдын алу үшін шаралар кешенін жүргізді", - деп түсіндірді Алмас Сәдубаев.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада полиция көліктері бірнеше көшені қоршауға алғаны хабарланған еді. Нақтырақ айтқанда, Алматы, Жәнібек Керей хандар, Ақмешіт және Түркістан көшелері қоршауға алынған. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүрген. 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан суреттер мен видеолар жариялап жатыр. Кадрлардан полицейлерді, өрт сөндіру көліктерін, бір топ адамды көруге болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети