16 мамыр 2020 10:36

Астаналық ер адам жаяу жүргіншілерді пышақпен қорқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: bash.news. Сурет: bash.news.

Нұр-Сұлтанда Ұлттық гвардия әскери бөлімінің қызметкерлері ас үй пышағымен жаяу жүргіншілерді қорқытқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz


Нұр-Сұлтанда Ұлттық гвардия әскери бөлімінің қызметкерлері ас үй пышағымен жаяу жүргіншілерді қорқытқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz

14 мамырда Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері үй ауласынан айғай естіген. Онда ер адам ас үй пышағын сермеп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.

"Әскери қызметшілер оны тыныштандыруға тырысты. Алайда тәртіп сақшыларының заңды талаптарын ер адам елемеді. Содан кейін олар күш қолданып, тәртіп бұзушыны ұстады", - делінген полиция хабарламасында.

1998 жылғы ер адам Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ПБ-ге жеткізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети