Астаналық жігіт TikTok-тағы видеосы үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық жігіт TikTok-тағы видеосы үшін жазаланды Видео кадры

Астаналық жігіт TikTok әлеуметтік желісінде тараған қауіпті трендке қатысты. Оның қарсы бағытқа шығып кеткен видеосы полицейлердің қолына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық жігіт TikTok әлеуметтік желісінде тараған қауіпті трендке қатысты. Оның қарсы бағытқа шығып кеткен видеосы полицейлердің қолына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны 2 қыркүйекте TikTok қолданушысы жариялаған. Автор видеоны монтаждап, оған өлең қосқан. Артынша видео әлеуметтік желіден өшіп кеткен. 

"Іздестіру шаралары барысында оқиға 28 тамыз сағат 23:47-де Республика даңғылы, Самал шағынауданына қарама-қарсы жерде болғанын анықталды. "ВАЗ 21102" маркалы көлік қарсы бағытқа шығып, жолдағы басқа адамдарға қауіп төндірді", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Көлікті 1999 жылғы жас жігіт тізгіндеген. 

"Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі, 596-бабының 3-бөлігі, 606-бабының 1-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", - деп түсіндірді елордалық полиция өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети