Астаналық қыз автобустың ашық тұрған есігінен құлап кетті

14 Тамыз 2017, 11:18
0
Астаналық қыз автобустың ашық тұрған есігінен құлап кетті -

Астанада қыз автобустан құлап кетіп, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қалалық ІІД маршруттық автобустың жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"9 тамызда шамамен сағат 19.10-да № 31 автобустың 40 жастағы жүргізушісі "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" аялдамасында қауіпсіздік ережелерін сақтамай, Абылай хан даңғылында жолаушыларды мінгізу мен түсіру кезінде ашық есікпен жүріп кете беріп, салдарынан автобус салонында тұрған жолаушы құлап кеткен", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

16 жастағы қыз түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісінің жол жүру ережелерінің бұзуы себеп болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полициядағылар.

ІІД мәліметінше, жүргізуші осыған дейін де қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін, жол қозғалысы барысында телефон қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай