Астаналық қыз бен Мұсабаевтың арасындағы жанжал қалай аяқталды? Полиция жауабы

Фото: instagram.com/alinanurtas

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіндегілер сенатор Талғат Мұсабаев пен астаналық қыз арасындағы жанжал қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіндегілер сенатор Талғат Мұсабаев пен астаналық қыз арасындағы жанжал қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 24 маусымында "102" арнасына Триатлон саябағында жанжал шыққаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесі арасындағы жанжал үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетуге байланысты шыққаны анықталды. Полицияға оқиға орнында шара қолдану туралы жазбаша өтініш түскен жоқ", - деді полиция өкілі.

Ведомство шара қабылдау туралы өтініштер түспегенін нақтылады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың қақтығысы 24 маусымда ит серуендеп жүргенде болған. Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген.

Кейін Талғат Мұсабаев мәлімдеме жасады. Сенатордың өзі "негізсіз айптағанын" айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама