25 маусым 2021 15:18

Астаналық қыз Талғат Мұсабаевты соққы жасады деп айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/aibat_news Фото: instagram.com/aibat_news

Сенат депутаты Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 24 маусымда болған. Мұсабаев пен елорда тұрғыны Алина Нұртас арасындағы жанжал саябақта болған. Қыз итін серуендетіп жүргенін айтады.

"Саябақ. Итпен жүргенмін, ол қысқа қарғыбауға байланған, тұмылдырығы өзіммен бірге (заң бойынша, ол хуски тұқымды итерде болмауы керек). Серуендеп жүргенмін. Бір уақытта біреудің айғайлағанын естідім. Мән бермей жүре бердім. Жақындап келіп, тағы айғайлады. Мұрнымның астынан дөрекі адамға балағат сөз айттым да, одан әрі жүре бердім. (Алина үндеме! Өзің кінәлісің! Жоқ, кінәлі емеспін. Бұл менің негізсіз айғайға реакциям). Әрі қарай жүре бердім. Ер адам бұрылып, серпілді де, иығымнан жұдырығымен бір ұрды. Қолым жансызданып қалды", - дейді қыз Liter.kz басылымына.

Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқық бұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне бұл жанжалға Талғат Мұсабаев шынымен де қатысты екенін растады.

"Биыл 24 маусымында сағат 17: 22-де "102" арнасына Момышұлы көшесіндегі Триатлон саябағында ер адам қызды ұрып, онымен дөрекі сөйлескені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесі арасындағы жанжал үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетуге байланысты шықаны анықталды. Дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", -деді  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Tengrinews.kz редакциясы Мұсабаевқа хабарласып, пікір алуға тырысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети