Фото tengrinews.kz
Астана қалалық №10 мектеп-гимназиясында 14 наурыздағы концерттен кейін жетінші сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "14 наурыз күні кешкісін кезекші бөлімге 12 жасар қыздың өлімі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл фактіні тексеруге жедел-тергеу тобы аттанды. Аталған дерек расталды. Қазір сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды", - дейді қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. Оның айтуынша, баланың мүгедектігі туралы анықтама көрсетілген. Онымен қоса, №10 мектеп-гимназиясының директоры Мәрзия Тәшенова да жетінші сынып оқушысы кешкі бестер шамасында мектеп сахнасында билегенін айтты. "Бұл оқиға сауық кеші біткен соң жарты сағаттан кейін болған. Ата-анасы да балаға кезекті операция жасалу керек болғанын растап отыр. Ата-анасының мектепке ешқандай наразылығы жоқ, жасөспірімнің өзі осындай диагнозбен ауырғанын түсініп отыр. Ол - бала кезінен мүгедек, тумысынан жүрек ақауымен ауырады. Осыған дейін оған төрт рет операция жасалған, соңғы рет 2009 жылы пышаққа түскен. Дәрігерлердің түсіндіруінше, бұдан кейін оған тағы бір операция жасалуы тиіс болған, себебі оның жүрек клапаны бітеліп қалған", - деп түсініктеме берді оқу орнының директоры. М.Тәшенованың айтуынша, қыз өте белсенді болған. "Анасының өзі бізге келіп оның ауырғанына қарамастан үйірмеге қатыстыруын өтінді. Тіпті бізде ата-анасының қызын хореографиялық үйірмеге қатыстыруын сұраған өтініші бар", - дейді директор.
Астана қалалық №10 мектеп-гимназиясында 14 наурыздағы концерттен кейін жетінші сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"14 наурыз күні кешкісін кезекші бөлімге 12 жасар қыздың өлімі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл фактіні тексеруге жедел-тергеу тобы аттанды. Аталған дерек расталды. Қазір сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды", - дейді қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. Оның айтуынша, баланың мүгедектігі туралы анықтама көрсетілген.
Онымен қоса, №10 мектеп-гимназиясының директоры Мәрзия Тәшенова да жетінші сынып оқушысы кешкі бестер шамасында мектеп сахнасында билегенін айтты. "Бұл оқиға сауық кеші біткен соң жарты сағаттан кейін болған. Ата-анасы да балаға кезекті операция жасалу керек болғанын растап отыр. Ата-анасының мектепке ешқандай наразылығы жоқ, жасөспірімнің өзі осындай диагнозбен ауырғанын түсініп отыр. Ол - бала кезінен мүгедек, тумысынан жүрек ақауымен ауырады. Осыған дейін оған төрт рет операция жасалған, соңғы рет 2009 жылы пышаққа түскен. Дәрігерлердің түсіндіруінше, бұдан кейін оған тағы бір операция жасалуы тиіс болған, себебі оның жүрек клапаны бітеліп қалған", - деп түсініктеме берді оқу орнының директоры.
М.Тәшенованың айтуынша, қыз өте белсенді болған. "Анасының өзі бізге келіп оның ауырғанына қарамастан үйірмеге қатыстыруын өтінді. Тіпті бізде ата-анасының қызын хореографиялық үйірмеге қатыстыруын сұраған өтініші бар", - дейді директор.