Астаналықтар жұмбақ жарқылға куә болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 қарашада кешке Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қала маңындағы тұрғындар аспандағы жұмбақ жарқылды байқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 қарашада кешке Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қала маңындағы тұрғындар аспандағы жұмбақ жарқылды байқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір куәгерлер метеорит көргендерін хабарлады.

Жарқыл шамамен 19.25-те болған. Бұл туралы бірінші елорданың сол жағалауы мен Қосшы тұрғындары хабарлады. Куәгерлер жарқылдың найзағайға ұқсамайтынын айтты.

Құбылыс көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Бұл жағдай бойынша мәлімет түскен жоқ", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сол уақытта "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ештеңе ұшпаған. Кейбір азаматтар метеориттің салдарынан болды деп санайды.

"Аспаннан ақ шар ұшты, артында қызыл құйрығы бар. Мүмкін метеор. Қаладан тыс жерде Талдыкөл көлі ауданында. Жерге жетпеді, бірақ аспанға бірнеше секунд жарық берді", - деді куәгерлердің бірі.

Тағы бір елорда тұрғыны кометаға ұқсас нәрсе көргенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети