Астаналық қыз дүкеннен киім ұрлағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық қыз дүкеннен киім ұрлағаны үшін сотталды © openmonte.com

Астаналық қыз дүкеннен киім ұрлағаны үшін сотталды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық қыз дүкеннен киім ұрлағаны үшін сотталды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, бұл оқиға 2017 жылдың желтоқсанында болған.

"Қыз қала орталығында орналасқан ойын-сауық орталығындағы Zara дүкенінде бірнеше киімді алып, киім өлшейтін бөлмеге барған. Сонда ол киімдерден арнайы құрылғыны жұлып тастап, киімдерді пакетіне салып алып кеткен. Кейіннен оқиға орнынан жасырынған", - деп хабарлады соттың баспсаөз қызметі.

Астананың Есіл аудандық №2 сотының шешімімен қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 498.46  course down  589.08  course down  6.48  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети