Астананың орталығында автобус жол апатына ұшырады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың орталығында автобус жол апатына ұшырады

Астанада автобус пен екі көлік соқытығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автобус пен екі көлік соқытығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Республика даңғылында болған. Полиция мәліметінше, Lexus көлігінің жүргізушісі Иманов көшесіне бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан автобусқа жол бермеген.

"Соқтығысу салдарынан автобус жол белгісін қағып кетіп, ол дүкеннің әйнегін зақымдады", - деп хабарлады полиция.

Lexus көлігі инерциямен Республика даңғылына қосалқы жолдан шығып келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.82  course down  596.12  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети