Астананың солтүстік жағалауындағы көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астананың солтүстік жағалауындағы көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуыша, 2016 жылдың 6 сәуірінде сағат 10.45-те Сығанақ көшесіне судың жайылғаны жайлы хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына келгенде АstanaVipProject құрылыс компаниясының жер жұмыстарын жүргізудің салдарынан және Кіші Талдыкөл көлінің суының арнасынан асуынан кабель лотогына судың кетуіне жол берілген, оның салдарынан Сығанақ көшесіне су кеткен. Бастапқыда судың шектен асуы 300 метр, ал су деңгейі 20 сантиметрге жеткен. Қаланың шұғыл және коммуналдық қызметі жедел тәртіпте жұмыс істеді", - деп мәлімдеді Иманқұлов.
Оның айтуынша, жұмысқа "Астана Тазалықтың", құрылыс компаниясының, Астананың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 21 дана техникасы жұмылдырылған.
Иманқұлов қазіргі уақытта судың толықтай сорылғанын хабарлады. Автомобиль қозғалысы қалпына келтірілді. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қатер төніп тұрған жоқ.