Астанада 32 жастағы елордалық тұрғынды зорлаған үш ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада 32 жастағы елордалық тұрғынды зорлаған үш ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы" аудандық прокуратурасының өкілдері қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Сәуірде Астананың үш тұрғыны спирттік ішімдік ішкен. Қала кафелерінің біріне бара жатқан олар Уәлиханов көшесінде 32 жастағы ер адаммен танысқан. Олар жаңа танысымен бірге пәтеріне барып, арақ ішкен.
"Жәбірленуші көп мөлшерде арақ ішіп қойғаннан кейін ұйықтап қалған. Сол кезде үш ер адам қылмыс жасау туралы ойға келген. Бір топ адам алдын ала келісім бойынша алкогольге мас күйде шарасыз жатқан ер адамға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған", - деп хабарлады прокуратурадағылар.
Жәбірленуші сексуалық зорлық қана емес, дене жарақатын да алған. Бірнеше сағат үйде мәжбүрлі түрде болған ол қашып шыққан. Жәбірленуші көшеге жүгіріп шығып, жақын маңда орналасқан мешіт ғимаратына кірген.
Мешіт имамы болған оқиғаны полицияға хабарлаған. Кейін күдіктілер ұсталған.
"2 тамызда Астананың №2 Алматы аудандық сотының үкімімен үш ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 2-бөлігінің 1-пункті, 126-бабының 2-бөлігінің 1-пункті бойынша айыпты деп танылып, әрқайсысы жеті жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады прокурорлар.