Атбасарда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан жасырынған жүргізуші босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атбасарда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан жасырынған жүргізуші босатылды видеодан үзінді

Атбасарда екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Айта кетсек, жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында қаза тапқан еді. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атбасарда екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Айта кетсек, жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында қаза тапқан еді. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полициядағылар 8 сәуірде Toyota Land Cruiser автокөлігінің жол жиегінде кетіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін айтады. Ал көлік тізгінінде 1987 жылғы ер адам болған. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1971 жылғы жаяу жүргінші қаза тапты. Екіншісі аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Екі адамды қағып кеткеннен кейін, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, алайда бір тәулік ішінде оның кім екені анықталып, ұсталды", - деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") және 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша іс қозғалған. 

"Осы қылмыс деңгейі орта әрі кішігірім ауыр санатына жататындықтан, күдіктінің балалары кәмелет жасына толмағандықтан, тұрақты мекен-жайы болғандықтан, сондай-ақ соттан немесе тергеуден қашып кетеді деген мәліметтердің болмауына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция мәліметінше, жаяу жүргіншілердің қағып кеткен жүргізуші бұрындары қылмысқа тартылмаған. 

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети