Атына 11 бөтен көлік тіркелген алматылыққа ХҚКО жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атына 11 бөтен көлік тіркелген алматылыққа ХҚКО жауап берді

Алматы облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО алматылық Жандос Жанғозинге 11 автокөлікті заңсыз рәсімдеу дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілі айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО алматылық Жандос Жанғозинге 11 автокөлікті заңсыз рәсімдеу дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілі айтып берді.

Министрлік мәліметінше, бұған дейін "Қарасай" ХҚКО-сына Жанғозиннің атынан біреу жүгінген.

"Бұл азаматтың атынан "Қарасай" ХҚКО-сына сенімхат бойынша жүгіну дерегін растаймыз. Қазіргі уақытта бұл іске қатысы бар тұлғаларды анықтадық. Қызметтік тексеруден кейін істі құқық қорғау органдарына жібереміз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" өкілі.

Мамандандырылған ХҚКО-да қызмет көрсету кезінде құжаттағы суреттің жасырылуы мәміленің күмәнділігін көрсететіні айтылды.

"Алдағы уақытта мұндай деректерді  болдырмау үшін полицияға жан-жақты көмек көрсетеміз. Қазір клиенттерге қызмет көрсету кезінде фотофиксация бойынша талаптарды күшейттік. Онда қызметкерлерді жұмыстан босатуға дейін шара қолданылады. Болашақта жүгінген клиентті дәл сәйкестендіру үшін биометрия жүйесін енгізуді қарастырамыз", - деп толықтырды мемлекеттік корпорация өкілі.

Бұған дейін Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны Жандос Жанғозин атына 11 көлік тіркелгенін айтып шағымданғаны хабарланған еді. Көліктер оның атынан шығарылды, бірақ тұрғынның жарты миллион теңге салық қарызы бар. Сондықтан оның банктік есепшоттары бұғатталып, елден шығуына тыйым салынған және басқа да шектеулер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети