19 мамыр 2015 | 23:44

Атырау - Ақтау тасжолында болған жол апатында алты адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Azh.kz ©Azh.kz

Атырау - Ақтау тасжолында Құлсарыдан 80 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болып, алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Жол апаты 19 мамырда, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да болды.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау - Ақтау тасжолында Құлсарыдан 80 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болып, алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Жол апаты 19 мамырда, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да болды.

Жылыой ауданыеың прокуроры Асыланбек Жолановтың айтуынша, салонында жеті адам болған Lada Largus фургоны КамАЗ-бен бетпе-бет соғысты. Оның салдарынан оқиға орнында жеңіл автокөліктің бес жолаушысы мен бір жүргізушісі қаза болды. Олардың барлығы Өзбекстаннан келген, 24-51 жас аралығындағы азаматтар. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны зардап шекпеді. 

Жол-көлік оқиғасы дерегіне сәйкес, "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Мұнайлы Астана" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтароваға сілтеме жасай отырып, алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ-дың 36 жастағы жүргізушісінің тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткенін нақтылады. 

Мұхтарованың айтуынша, оқиғаның нақты себебі мен оның жай-жапсарын тергеу анықтайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети