Атырау әуежайынан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау әуежайынан 300-ге жуық адам эвакуацияланды ©Mgorod.kz

Атырау әуежайында күмәнді зат табылған соң 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 17 қазан күні 09.15-те болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау әуежайында күмәнді зат табылған соң 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 17 қазан күні 09.15-те болған.

"Мен Астанаға ұшуым керек болған. Тіркеуден өттік, сосын әуежай қызметкерлері келді де бәріміздің ғимараттан шығуымызды сұрады", - жолаушылардың бірі. Куәгерлердің айтуынша, күту залында болған адамдар мен әуежай қызметкерлерінің ғимараттан шығуы талап етіліп, ал әуежайдың алдына қойылған автокөлік жүргізушілерінен көліктерін алып тастау сұралған. 

Оқиға орнына полиция, ҰҚК, кинология қызметкерлері мен бронежилет киген адамдары бар арнайы машина және өрт сөндірушілер келді. Басылымның мәліметі бойынша, эвакуация себебі анықталып жатыр. Куәгерлердің бірінің айтуынша, әуежай дәретханасында иесі жоқ сөмке табылды. Адамдар далада 30 минут шамасында күтіп, кейін қоршау алынып, эвакуацияланғандар Атырау әуежайына қайта кірген. Алдын ала мәлімет бойынша әуежайдан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети