Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілгені видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Куәгерлер Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгіліп жатқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгіліп жатқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қондырғы құбырларынан сұйықтық төгіліп жатқаны түсірілген видео тарады. Видео сипаттамасында Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілгені жазылған.

Зауыттың баспасөз қызметі ақпаратты растады. Олардың айтуынша, кеше, 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған бензин коллекторынан қуыс табылған.

"Өнімді жылдам ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв.см қысыммен су жіберілді. Қазіргі уақытта ақау табылған аумақты жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс режимінде, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сай жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети