06 қазан 2017 | 12:33

Атырау облысы прокуратурасы өлі табылған өзбекстандық жасөспірімге қатысты істі бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылбек қыркүйек айының басында жоғалған. Жеке архивтен Асылбек қыркүйек айының басында жоғалған. Жеке архивтен

Өзбекстанның кәмелетке толмаған азаматы Асылбек Хамроевтың өлімі дерегі бойынша іс облыс прокуратурасының бақылауына алынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның кәмелетке толмаған азаматы Асылбек Хамроевтың өлімі дерегі бойынша іс облыс прокуратурасының бақылауына алынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов хабарлады. 

"Алдын ала анықталғаны, Умида Хамроеваның өз баласы А.Хамроевпен Өзбекстаннан биыл 13 маусымда Жылыой ауданына келген, ауызша келісім бойынша шаруа қожалығына малшы болып жұмысқа орналасқан. 9 тамызда У.Хамроев шаруа қожалығында қалдырған және отанына кетіп қалған, бір айдан келіп, баласының 2 қыркүйекте Құлсары қаласына кетіп қалғанын және әлі күнге оралмағанын анықтаған", - деп хабарлады прокурор.

Айтуынша, әйел полицияға 10 күн өткеннен кейін, 12 қыркүйекте хабар берген. Осыдан кейін ғана іс материалдары сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, облыстық ТЖД-ның тікұшағымен жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылған.  

Баланың мәйіті 4 қазанда "Жасұлан" шаруа қожалығынан 4-5 шақырым жерде табылған. Прокурордың айтуынша, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицейлер жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске салайық, осының алдында Атырау облысында 15 жастағы жасөспірім Асылбек Хамроевтың өлі табылғаны хабарланған еді. Ол - Өзбекстанның Бұқар облысындағы Дондор ауданының тумасы. Бала Жылыой ауданындағы Бекжал ауылында орналасқан асхана шаруашылығында жұмыс істейтін шешесін шығарып салған. Тамызда анасы Өзбекстанға кетуге мәжбүр болған, ал ұлын ферма иесіне қалдырған. 

9 қыркүйекте қайтып келген анасы ферма иесінің бауырынан Асылбектің 2 қыркүйекте кетіп қалғанын, бірақ алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтқан. Осылайша ол баланың анасын полицияға хабар бермеуге көндірген. 


Асылбек шешесі Умидамен. Жеке архивтен

"Біраз уақыт өткен соң шешесі полицияға ақыры хабар берген. Алайда арыз түскен уақыттан бері істің тергеуі баяу жүрген, оның үстіне Умида Хамроеваның паспортын тәркілеп қойған", - делінген мақалада. 

Басылымның мәліметінше, соңғы күндері Қазақстанға Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасынан Асылбекті іздестіруге қолғабыс ету туралы өтініш түскен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети