Атырау облысында 14 жастағы жүргізуші қаза тапты. ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ІІМ жолда барынша сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ жолда барынша сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство өкілдері жолдағы балалардың қауіпсіздігі әрқашан полицияның бақылауында болатынын атап өтті.

"Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, балалардың жол-көлік оқиғасына түсуі азаймай отыр. Өкінішке қарай, қазіргі заманауи ата-ана тәрбиесі балаларға көптеген еркіндік береді. Ол өз кезегінде қайғылы жағдайға айналуы мүмкін. Ата-аналар балалардың "сынақ пен қате" арқылы үйрену қабілетін асыра бағалайды. Кей жағдайларда ата-аналар қауіпсіздік туралы ойламай, балаларына автокөлік кілттерін береді. Бұл деректер кәмелетке толмағандардың және жол жүрісіне қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанда жасөспірімдердің көлік тізгіндеу әрекеттерінен 70-тен аса жол-көлік оқиғасы болып, онда 10-нан аса адам қаза тауып, 90-нан астам адам жараланды.

"Мысалы кеше Атырау облысында Жасталап ауылының жанындағы жолда Toyota автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі небәрі 14 жаста болғандықтан басқаруға ие болмай, аударылып қалды. Салдарынан бала қайтыс болды, ал оның 4 жасөспірім жолаушысы ауруханаға түсті. Осыған байланысты ІІМ көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді (ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі). Сондықтан ата-аналарға дәл бүгін, кейінге қалдырмай, балалармен жол қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын талқылауға кеңес беріледі. Бұл кеңестер баланың жадында сақталады және қауіпті жағдайлардың тәуекелін азайтады", - деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro