26 мамыр 2022 | 09:33

Атырау облысында 8-сынып оқушысы аяусыз соққыға жығылған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: azh.kz Сурет: azh.kz

Атырау облысы Исатай ауданы Исатай ауылында 14 жастағы 8-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары ұрған. Жарақат алған оқушы аудандық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы Исатай ауданы Исатай ауылында 14 жастағы 8-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары ұрған. Жарақат алған оқушы аудандық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірімнің анасы Гүлзада Мұсағалиеваның айтуынша, оқиға 20 мамырда түстен кейін болған. Бала футбол ойнауға кеткен, бірақ осындай күйде оралған.

"Мұхамбет тамызда 15 жасқа толады. Оқу үлгерімі жақсы, 4 пен 5-ке оқиды. Мектеп тарапынан да, сыныптастарының ата-аналары тарапынан да тәртібіне байланысты шағым болмаған. Сол күні ұлым футболдан көңілсіз оралды, әрең қозғалды. Не болғанын сұрағанда, ойын кезінде құлағанын айтты. Содан кейін ол демалып қалды, кешкі асқа оянғанда, дірілдеп, орындыққа дұрыс отыра алмады. Келесі күні ол тағы да жата берді. Оның денесін қарасам, бәрі көгергенін көрдім. Бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға арыз жаздым, - деді Г.Мұсағалиева.

Жасөспірімді ауданнан облыстық ауруханаға апарған, онда "оң иығы көгерген, бел мен кеуде тұсынан жарақат алған" деген диагноз қойылған.

"Ұлымды 9 бала ұрған. Екеуі - 9-сынып оқушысы, қалғандары сыныптастары. Қазір олардың ата-аналары келіп, кешірім сұрап жатыр. Мұны жазасыз қалдырғым келмейді. Мектеп те жауап берсін", - деді зардап шеккен баланың ата-анасы.

Исатай орта мектебінің директоры Айгүл Әділбаева істі полиция тексеріп жатқанын, тергеу аяқталғанша ештеңе айта алмайтынын жеткізген.

"Осы оқиғаға байланысты оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Балалар бұл оқиға сабақ аяқталғаннан кейін, ауылдың шетінде болғанын айтады. Қазір жәбірленушінің жағдайы қалыпты, ауруханада емделіп жатыр", - Исатай аудандық білім бөлімінің бастығы Гулайна Құрманғалиева.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамырда 2007 жылы туған жасөспірімнің ата-анасынан арыз түскен. Күдікті ретінде Исатай орта мектебінің екі 9 сынып оқушысы анықталған. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша соталды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети