Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Атырау облысында алты баланың анасы өзіне-өзі қол жұмсады

25 Ақпан 2015, 09:48
0
©azh.kz
©azh.kz

Атырау облысының Доссор елді мекенінде алты баланың анасы өзіне-өзі қол жұмсады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. Қайғылы оқиға 19 ақпан күні болған. Бірақ енді ғана белгілі болып отыр.

38 жастағы әйелдің денесі өз үйінің ауласын табылған. Ол өлер алдында хат қалдырып, онда балаларынан (кішісі - 4-те, үлкені - 14-те) кешірім сұрап, күйеуінен оларға қамқор болуды сұрайды. 

Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол Бағытжановтың айтуынша, бұл дерек бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. 

Еске сала кетейік, мұның алдында дәл осы елді мекенде тағы бір суицид оқиғасының тіркелгені хабарланған еді. 11-сынып оқушысы дайындық түріндегі ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады. "Қыз өлім алдында хат қалдырмады, бірақ бұған математика пәні бойынша дайындық сынағы түріндегі ҰБТ-дан төмен балл алуы себеп болуы мүмкін деп топшылап отырмыз. Оның сыныптастарына ҰБТ-ны сәтсіз тапсырса, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқаны анықталды", - деп хабарлады Мақат ауданы прокуратурасының өкілдері. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай