© БелТА
Атырау облысындағы Орал өзеніне бір отбасының екі баласы суға кетті, - деп хабарлайды "Ак Жайык". Қыздардың бірі үш жаста, ал екінші бір жарым жаста ғана болған.
Атырау облысындағы Орал өзеніне бір отбасының екі баласы суға кетті, - деп хабарлайды "Ак Жайык". Қыздардың бірі үш жаста, ал екінші бір жарым жаста ғана болған.
Қайғылы оқиға 13 сәуірде Махамбет ауданындағы Атамбаев ауылында болды. Атырау облысының әскери-құтқару қызметінің жетекшісі Самат Құмашевтың айтуынша, түске таман ата-анасы балалардың үйде жоқ екенін байқаған. Кейін жағалаудан іздеген. Үй судан небәрі 20 метр жерде болған.
Кейін отбасының туыстары балалардың өлі денесін ағыспен төмен қарай екі шақырым жерден алып шыққан.