20 қыркүйек 2017 | 17:20

Атырау облысында ауыл тұрғындары мен шекарашылар жанжалдасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Атырау облысында ауыл тұрғындары мен шекарашылар арасында дау шықты. Бұл мәліметті Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында ауыл тұрғындары мен шекарашылар арасында дау шықты. Бұл мәліметті Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 қыркүйекте сағат 18.30-да Жанбай ауылының тұрғындары мен әскери қызметшілер арасында жанжал шыққан.

"Исатай аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша ("Бұзақылық") сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуратурасы бақылауға алды", - деді Ернат Сыбанқұлов.

Сондай-ақ, прокурор қазіргі уақытта ауылда жағдайдың тұрақталғанын айтты. Айтуынша, жергілікті атқарушы органдар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ATPress басылымының мәліметінше, 18 қыркүйекте мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлер командирдің орынбасарымен бірге жүгіруден кейін бөлімге қайтып келе жатқан. Олар жолдың шетімен келе жатқан. Бірақ бірде Toyota Land Cruiser жүргізушісі оларды қағып кетпек болған делінеді. Салдарынан әскери қызметкерлердің бірі жарақат алған. Содан олардың арасында жанжал шығып, офицер әскерилерге бөлімге кетуін бұйырып, тағы екі көлікпен келген жергілікті тұрғындармен мәселені өзі шешпекші болған.

Басылымның мәліметінше, тұрғындар офицерді ұрып-соға жаздаған. Бірақ, абырой болғанда, ер адам шекара бекетіне қарай қашып кеткен.

Сол кезде офицер қолына автомат алып, әуеге бірнеше рет ескерту ретінде оқ атқан. Содан біраз уақыттан соң бір топ ауыл тұрғыны әскери бөлімнің қақпасының алдына жиналып алған. Тұрғындар олардан басшылықтағыларды шақыруды талап етіп, әскерилермен әрі қарай дауласпақ болған, - деп жазады ATPress басылымы.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети