Атырау облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Атырау облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан бір топ адам бір-бірін ұрып жатқаны көрінеді. Олардың арасында таяқ ұстағандары да бар. Бұл ретте қараңғыдағы төбелес тек шамның жарығымен көрінеді. Видео сипаттамасында оқиғаның 21 шілдеде Атырау облысының Қызылқоға ауданында болғаны айтылған.

Атырау облыстық Полиция департаменті Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімі әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергеу басталды. Аймақтың барлық ауруханасы тексерілді, дене жарақатымен түскен адамдар анықталмады. Сондай-ақ, Сағыз ауылының жастарымен профилактикалық - түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети