Атырау облысында жол апатынан екі полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау облысында жол апатынан екі полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 қыркүйекте шамамен 10:36-да Атырау - Махамбет тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Қаладан 15 шақырым жерде Toyota Hilux автокөлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Volkswagen Polo маркалы патрульдік көлікке соқтығысты.
Жол апаты салдарынан Toyota Hilux жүргізушісі дене жарақатын алды, сондай-ақ, екі полиция қызметкері зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.
Іс материалдары ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы боййынша Біріңғай реестрге тіркелді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.