Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза болды

16 Шілде 2014, 12:39
0
©Fotodtp.net
©Fotodtp.net

Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, тағы төрт адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасап.

Жол апаты 15 шілде күні кешкісін Атырау - Доссор тас жолының 34-шақырымында болды. Мұхтарованың айтуынша, алдын ала болжамға қарағанда, шағын автобус жүргізушісі - 1982 жылы туған жігіт рульге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Оқиға орнында көлікте болған үш адам қайтыс болды, олар 1974, 1962 және 1984 жылы туған. 

Тағы үш жолаушы мен жүргізушінің өзі ауруханаға түсті. Олар түрлі деңгейде жарақат алған. Жолаушылардың бәрі Павлодар облысының тұрғындары болып шықты. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шағын автобус жүргізушісі ауруханадан шыққан соң қамауға алынады.

Өткен аптада ірі жол апаты Қарағанды облысында болған еді. Қарағанды - Балқаш тас жолында Lada Priora, ВАЗ-21010 және Hyundai автокөліктері соқтығысып, соның салдарынан алты адам қайтыс болды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай