20 мамыр 2014 | 10:29

Атырау облысында күшті желдің салдарынан әлеуметтік нысандар шатырсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Атырау облысында қатты жел әлеуметтік нысандардың шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында қатты жел әлеуметтік нысандардың шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Құрманғазы ауданының сүйіндік ауылында орын алған. "Күшті желдің кесірінен (желдің екпіні секундына 18 метрге жеткен) мына әлеуметтік нысандардың шатыры бүлінген: мәдениет үйінің 1 000 шаршы метр аумағы, орта мектептің 370 шаршы метр аумағы, балабақшаның 112 шаршы метр аумағы, аурухананың 31 шаршы метр аумағының шатырлары қираған", - делінген таратылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 13 мамыр күні Шымкентте күшті желдің салдарынан 45 оқу орны шатырсыз қалған болатын. Шымкентте қаланы газбен қамтамасыз ету жүйесі бойынша 53 апатты жағдай тіркелсе, электрмен қамту жүйесінде 107 апатты жағдай тіркелген. Сонымен бірге қала бойынша 100 түп ағаш құлаған. Қалалық ТЖ басқармасының хабарлауынша 20 көпқабатты үйдің, 4 жер үйдің, 13 әкімшілік және коммерциялық ғимараттардың шатыры ұшып кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети