Атырау облысындағы бірқатар ауданды қар суы басты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы бірқатар ауданды қар суы басты Видеодан алынған кадр

Атырау облысындағы бірқатар ауданды қар суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.


Атырау облысындағы бірқатар ауданды қар суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Атырау облысындағы Қызылқоға және Индер ауданының орталығын қар суы басқан. 4 күн ішінде Миялы елді мекенінен 750 текше метр, ал Жарсуат ауылынан 2000 текше метрге жуық, сондай-ақ, Индерден 500 тоннадай су сорылған.

 

 

Индер ауданы Жарсуат ауылынан әуесқой түсірілім

Қазір мамандар әкімдікпен бірігіп, күн-түн демей ауысыммен жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Жауаптылардың айтуынша, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға зиян келмеген. Ал жергілікті билік өңірде жағдай тұрақты екенін, елді мекендерді су басу қаупі жоқ екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети