Махамбет ауданы Ортақшыл ауылының тұрғындары өрт сөндірушілер мен полицейлер өртенген шөптің орнынан үш баланың мәйіті табылғаны туралы ақпаратты біраз уақыт жасырғанын мәлімдеді. Бұл кезде ауылдастар хабар-ошарсыз кеткен бірінші сынып оқушыларын іздеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Махамбет ауданы Ортақшыл ауылының тұрғындары өрт сөндірушілер мен полицейлер өртенген шөптің орнынан үш баланың мәйіті табылғаны туралы ақпаратты біраз уақыт жасырғанын мәлімдеді. Бұл кезде ауылдастар хабар-ошарсыз кеткен бірінші сынып оқушыларын іздеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ортақшыл ауылының тұрғыны Ардақ Есбосыновтың айтуынша, өрт сөндірушілер екі сағат ішінде шөп орамдарын сөндіріп, жанып кеткен балалардың денесін тапты, бірақ бұл ақпаратты жоғалған үш оқушыны іздеуге қатысқан ауыл тұрғындарына бірден хабарламаған.
"Бәріміз балаларды іздедік, бірақ олардың денесі табылғанын айтпады. Тек біраз уақыттан кейін бәрі жиналып, хабарлады. Біз ақымақ сияқты іздеп жүрдік. Тіпті ата-анасы да білмеді", - деді Есбосынов.
Іздеу кезінде олар аулалардың біріне назар аударған, олар "бұл жерде қылмыс немесе оқиға болғанын білдіретін" арнайы сары белгімен қоршалғанын айтты.
"Біз балалардың тірі екеніне соңына дейін сендік. Содан кейін сары белгіні көріп, полицияға барып, сұрады. Әйтпесе, іздей беретін едік", - дейді Ортақшыл ауылының тұрғындары.
Қайтыс болған балалардың бірінің әжесі жоғалған бірінші сынып оқушыларына қатысты Жайыққа батып кетті, балалар өздері қалаға кетті деген сияқты түрлі болжамдар айтылғанын мәлімдеді.
"Біз оқиға қалай болғанын нақты білмейміз. Немерем кешке беске дейін үйде болды, содан кейін екі досы келіп, бірге ойнауға рұқсат сұрады. Жібергім келмеді, бірақ ол бір сағаттан кейін қайта келемін деген", - деді әжесі.
Атырау облыстық полиция департаменті өз тарапынан "қараңғы түскеніне байланысты ауыл тұрғындарын хабардар етуге мүмкіндік болмады", - деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта өртенген балалардың жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, ата-аналар сараптамаға қан тапсырып, мәйіттерді жерлеу үшін күтіп отыр.
Махамбет ауданында барлық ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылды. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов көңіл айтты.
Еске салайық, 6 қазанда Атырау облысы Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында үш баланың (2014 жылы туған екі бала, 2012 жылы туған бір бала) белгісіз жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Олардың денелері өртенген шөптің арасынан табылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!