Атырау облысындағы "ҚазТрансОйл" АҚ нысанында мұнай төгілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысындағы "ҚазТрансОйл" АҚ нысанында мұнай төгілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2018 жылдың 15 қаңтарында болған.
"2018 жылдың 15 қаңтарында Атырау облысында сағат 12.42-де (Астана уақытымен) "ҚазТрансОйл" АҚ Құлсары мұнайқұбыры басқармасының А. Құлтумиев атындағы мұнай айдау станциясында қуат көзімен қамтамасыз ететін ұйым тарапынан қуат көзінің төмендеп кетуінің нәтижесінде № 7 қыздыру пешінің ысырмалы электр жетегі қысымтығының толықтай ашылуымен өрттен қорғау дабылы қосылды. Ысырмалы қысымтықтың ашылуының салдарынан мұнай дренаждық сыйымдылық пен қарлы жерге тарады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компаниядағылардың айтуынша, қазіргі таңда төгілген жер бетінен мұнай тазартылып, топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Төгілген мұнайдың көлемі анықталып жатыр.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан ешкімнің зардап шекпегені айтылады.
"ҚазТрансОйл" АҚ мүлкі мен өндірістік нысандарына зақым келген жоқ. Оқиға Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбыры арқылы өтетін мұнай тасымалы үрдісіне әсер етпеді. Оқиға болған жер тұрғылықты аудандардан қашықтықта орналасқан, қоршаған ортаға залал келтірілген жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады компанияның өкілдері.