Атырау облысындағы мемлекеттік шекарада әскери қызметші қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы мемлекеттік шекарада әскери қызметші қаза болды

Атырау облысында Шекара қызметінің әскери қызметшісі қаза болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында Шекара қызметінің әскери қызметшісі қаза болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша "кенеттен болған жүрек өлімі" анықталған", - делінген ҰҚК мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, әскери қызметшінің өлім дерегіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғаған.

"ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шаралары қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети