Атырау облыстық перинаталдық орталығында әйел адам сәбиімен бірге көз жұмды. Төтенше жағдай қарашаның 9-на қараған түні болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырау облыстық перинаталдық орталығында әйел адам сәбиімен бірге көз жұмды. Төтенше жағдай қарашаның 9-на қараған түні болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
"Қайғылы оқиға 8 қарашада болды, әйелдің өкпесінде сырқаты болатын", - дейді дәрігерлер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері деректі растағанымен, мән-жайын ашып беруден бас тартты.
"Ак Жайық" басылымының жазуынша, әйел адам бір аптадан кейін босануы керек болатын. Ауруханаға жатқызылғанға дейін оның екі күн ыстығы көтеріліп жүрген. Ол орталықтың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Айта кетейік, осы перзентханада Кесарев тілуінен кейін егіздерді дүниеге әкелген әйел көз жұмған еді. Әйелдің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап, 25 жастағы туысының денесін эксгумациялауды талап етіп отыр.