Атырау тұрғыны бірнеше рет жаңа туған балаларын сатқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ nenovbrothers/depositphotos.com ©️ nenovbrothers/depositphotos.com

Атырауда жаңа туған нәрестені сату ісі бойынша сотталған бес адамға қатысты сот үкімі күшінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда жаңа туған нәрестені сату ісі бойынша сотталған бес адамға қатысты сот үкімі күшінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 адамға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.

Сот үкімі бойынша, сотталушы С.А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Қалған төрт сотталушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны үшін ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

"Сотталушы әйел жүкті бола тұра, өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, отбасылық жұппен сөз байласқан. Ақша қаражатын бергеннен кейін отбасылық жұп баланы өздерінің отбасына алған".

Уақыт өте келе, әйел қайтадан жүкті болып, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен қылмыстық ой туындап, басқа екі отбасылық жұпқа баланы белгілі бір соммаға сатуға уәде берген. Алайда, олардың ақшасын алып, ізін суытқан.

"Нәтижесінде жәбірленушілерге 2,3 миллион теңге залал келтірілген. Осы уақытта сотталушы әйел өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, басқа отбасылық жұппен сөз байласқан. Отбасылық жұп бала дүниеге келгенше сотталушы әйелдің шотына ақша аударып отырған. Бала дүниеге келген соң өз отбасыларына алған.

Отбасылық жұптар жаңа туған балаларды ақшаға сатып алып, әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырған", - делінген хабарламада.

Іс апелляцияда сотталғандар және адвокаттардың апелляциялық шағымдары бойынша қаралған.

"Олар сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Алқа апелляциялық шағымдарды зерделей келе, сот үкімін өзгеруге немесе оның күшін жоюға негіздер таппады. Осыған байланысты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro