Атырау тұрғыны үш жасар қыздың үстінен полицияға арыз жазды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау тұрғыны үш жасар қыздың үстінен полицияға арыз жазды Фото:depositphotos.com

Атырау тұрғыны үш жасар қыздың үстінен полицияға арыз жазды. Бұған балалардың ойыншыққа таласып қалуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау тұрғыны үш жасар қыздың үстінен полицияға арыз жазды. Бұған балалардың ойыншыққа таласып қалуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болды?

Бұл жағдай туралы Threads әлеуметтік желісінде "іс фигуранты" болған қыздың анасы айтып берді.

"Кафеде менің қызым ойыншық шаңсорғышты алған, одан үлкенірек қыз оны тартып алмақ болады. Осы сәтте оның анасы: "Қызыңызды әдепке үйретіңіз", - деп айғайлай бастады. Балалар небәрі 10 минуттан кейін қайтадан достар сияқты ойнап кетті, ал ол әйел арыз жазды. Балаға. Тіпті, үш жасар қызымнан өзінің бес жасар қызының алдында кешірім сұрауды талап етті", – деп жазды әйел.

Полиция пікірі

Атырау облыстық Полиция департаменті баланың үстінен арыздың расында түскенін растады.

"Бұл факт бойынша тексеріс жүргізілді, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Оларға үш жасқа толмаған балаға қатысты арыз қабылданбайтыны түсіндірілді. Осыған байланысты оның арызы заңнама талаптарына сәйкес қараусыз қалдырылды", – деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети