Атырауда 12 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырауда 12 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
27 маусымда кешке 6-сынып оқушысы Химпоселок шағынауданындағы үйінен шығып кеткен. Оны соңғы рет "Еламан" дүкенінен көрген. Қыз ақ көйлек киген.
Қыздың туыстарының айтуынша, мектеп оқушысы қарапайым күндері спорттық киім киіп жүреді. Бірақ сол күні ол ақ көйлек киіп кеткен. Бейнебақылау камераларына қыздың Химпоселктегі көшеде кетіп бара жатқаны түсіп қалған.
"Қазір жоғалған қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол әлі табылған жоқ", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!