Атырауда 5 жасар қыздың бетін ит тістеп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 5 жасар қыздың бетін ит тістеп алды

Атырауда 5 жасар қыздың бетін ит тістеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 5 жасар қыздың бетін ит тістеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға туралы Әсем Байжан Facebook-тегі парақшасында жазды. Мұнда зардап шеккен баланың видеосы да жарияланған. 

"Менің балаларыма бірнеше рет шабуыл жасаған ит! Агрессивті, зооқорғаушылардың әртүрлі тобына жазғанмын (әрине, олар менің балаларымды кінәлап, өзімізді кінәлі етіп қойды). Бүгін, 2022 жылдың 7 мамыры сағат шамамен 18.30-да Азаттық, 153 мекенжайында ит менің бес жасар жиенім Софияның бетін тістеп алды.

Видеосын жүктедім. Бұл 2021 жылдың 22 қарашасында маған шабуыл жасаған, аяғымды тістегісі келген, бірақ тек шалбарыма ілінген ит", - деп жазды әйел.

Атырау облыстық полиция департаменті жағдай тіркелгенін және иттің иесі жоқ екенін хабарлады.

Атырау әкімдігі жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети