Атырауда 61 келіден артық марихуана тасымалдамақ болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 61 келіден артық марихуана тасымалдамақ болғандар ұсталды

6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірге жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 наурызда, алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды.

Процестік іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық "марихуана" есірткісі алынды, оның "қара нарықтағы" құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы дерек жөніндегі соталды материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Атырау облысының тергеу соты ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Суреттер: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети