Сурет: @atyrauoil.official
Атырауда жолаушылары бар қоғамдық көлік жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды ATpress.kz.
Атырауда жолаушылары бар қоғамдық көлік жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды ATpress.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
"Оқиға орнына жәдел-жәрдем көлігі дереу келді. 4 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, 5-еуі амбулаторлық, 2-еуі станционарлық ем алып жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқарманың баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, № 22 автобус - Нұрсая, Самал ықшам аудандары - "Дина" базары бағытында жүреді.