27 маусым 2023 | 08:46

Атырауда балабақшада сәбидің саусағы жұлынып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

azh.kz azh.kz

Оқыс оқиға 26 маусым күні жеке балабақшалардың бірінде болып отыр. Сәбиге жедел көмек көрсеткен дәрігерлер бүлдіршінді үйіне жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оқыс оқиға 26 маусым күні жеке балабақшалардың бірінде болып отыр. Сәбиге жедел көмек көрсеткен дәрігерлер бүлдіршінді үйіне жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Біз зардап шеккен баланың әкесіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтап көрдік.

"Жағдай туралы әйеліме бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін хабарланған. Біз барған уақытта дәрігерлер баланың қолын тігіп, медициналық көмек көрсеткен екен. Баламның саусағының тырнаққа жалғанған буыны үзіліп кеткен. Дәрігерлер үзілген буынды қайта жалғап, тігу мүмкін емес дейді. Тәрбиешілердің айтуынша, бала әткеншекте ойнап отырып, оқыс құлаған. Салдарынан осындай жағдай орын алып отыр. Бірақ, балабақшадағы әткеншек қауіпсіз. Тап осы әткеншектен мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес" дейді баланың әкесі Ержан Елеуұлы.

Айтуынша, баласы 2 жылдан бері осы жеке балабақшаға барып жүрген.

"Бұған дейін де кейде денесінің бір жері көгеріп, жырылып келіп жүрді. Бірақ, оған мән бермейтінбіз. Қанша дегенмен, бала ғой, сүрініп, құлауы мүмкін. Бұл жағдай балабақшаның балаларға жауапкершілікпен қарамайтынын көрсетіп отыр", - дейді зардап шеккен бүлдіршіннің әкесі Ержан Елеуұлы.

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің ата-анасы полицияға шағым түсірді. Бір айдан кейін төрт жасқа толғанын атап өткелі отырған бүлдіршін қазір жарақат алып, үйінде жатыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқыс жағдайды растады.

"Бүлдіршін сағат 11 шамасында жедел жәрдем көлігімен балалар ауруханасының травмотология бөліміне түсті. "Тырнақ пластинасын зақымдаған саусақ жарасы" диагнозымен тиісті ем көрсетілді", - деп түсінік берді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Айша Кенжемұратова.

Атырау облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабына сәйкес, яғни Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети