Атырау-Астрахан тасжолында ішінде бес адам отырған "ВАЗ 2115" көлігімен соқтығысқан ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырау-Астрахан тасжолында ішінде бес адам отырған "ВАЗ 2115" көлігімен соқтығысқан ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырау облысының Исатай аудандық сотының тергеу судьясы күдіктіге - Hyundai Accent жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Басылымның мәліметінше, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы", осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) айыпты деп танылып отыр.
Тергеу мәліметінше, 2018 жылдың 14 қаңтарында шамамен сағат 14.00-де күдікті Hyundai Accent көлігімен Атырау-Астрахан тасжолында келе жатып, "ВАЗ 2115" жүргізушісімен соғысқан.
Еске сала кетейік, жол апаты салдарынан оқиға орнында 60 жастағы ВАЗ-21015 жүргізушісі және оның төрт жолаушысы қаза болды - 1977 және 1961 жылғы әйел адамдар, 1989 жылғы және 1958 жылғы ер адамдар.
© "Мой ГОРОД"/ Куәгерлер жолдаған суреттер